Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны жол апатынан зардап шеккен ұлына көмектескен жанды іздеп жатыр

Лисаков қаласының тұрғыны Қостанай облысындағы жол апаты кезінде өзінің ұлына көмектескен адамдарды іздеп жатыр.

12651630

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Таратуға көмектесіңіздер! Челябинск-Жітіқара бағытындағы автобустың апатынан соң ұлымды ауруханаға жеткізіп, өмірін сақтап қалуға көмектескен адамдарды іздеймін. Тек Оксана деген қыздың есімін ғана білемін. Хабарласыңыздар. Сіздің көмегіңіздің арқасында ұлым аман қалды!”, – деп жазды Галина Котельникова.

Ірі жол апаты 27 шілде күні кешкі сағат 6 шамасында Приуральск ауылының маңында болған. “Ивеко” жүк көлігі мен “Киа Гранберд” жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жол апаты нәтижесінде алты адам қайтыс болып (үшеуі РФ, үшеуі ҚР азаматтары), 30-дан аса адам жараланды. Жараланғандардың 12-сі Ресей, 17-сі Қазақстан және біреуі Тәжікстан азаматы. Жағдайларына байланысты Қостанайдағы облыстық ауруханаға 13 зардап шеккен адам жеткізілген.

Бұған дейін жол апатына ұшыраған автобус рейсіне кешігіп қалған екі адам туралы да жарияланған болатын.

Талқылау