Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жасөспірім тоқтап қалған лифтіден шыға алмай көз жұмды

Қостанай облысында жасөспірім тоқтап қалған лифтіден шыға алмай көз жұмды.

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Оқиға 12 қаңтарда Қостанай облысы Лисаковск қаласында орын алған. Ақпаратты Лисаковск қаласының прокуроры Еркін Тайкешов растады.

Прокурор мәлімдегендей, 12 қаңтарда сағат 16:00 шамасында 6-шағын аудандағы үйлердің біріндегі лифтінің шахтада тоқтап қалғаны туралы хабарлама түскен.

«Жасөспірімдердің бірі лифтіден өзі шықпақ болған. Осы уақытта лифт іске қосылған. Оқиға орнында 2002 жылғы жасөспірімнің денесі табылды. Жасөспірімдердің екіншісі дін-аман. Ол эвакуацияланды», – дейді Еркін Тайкешов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 306-бабы (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек

Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекова Мейрамбектің әніне бейнебаян түсірді (видео)

Димаш Құдайбергенді Ақтөбелік халыққа қызмет көрсету орталығы қалай қабылдады?

Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Талқылау