Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында тыр жалаңаш күйінде биіктен секіріп кетпек болған әйел балконда ілініп қалды

Қостанай облысында әйел көп қабаттың үйдің 5-қабатынан секіріп кетпек болып, балконда ілініп қалды.

Қостанай облысында тыр жалаңаш күйінде биіктен секіріп кетпек болған әйел балконда ілініп қалды (видео)

Бұл туралы alau.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға  таңертеңгі сағат 10:00 шамасында Жітіқара қаласында 4-ықшам ауданда орын алған. Қалалық полиция бөліміне хабарласқан куәгерлердің бірі әйел адамның 5-қабаттың балконының қоршауынан ұстанып, ілініп тұрғанын айтқан. Ал пәтерде болған ер адам әйелді кері тартып, кіргізіп алуға тырысыпты. Алайда оның күші жетпеген.

Абырой болғанда оқиға куәгерлері тәртіп сақшыларын шақырыпты. Артынша желіде оқиға кезінде түсірілген видео пайда болды.

Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен полиция қызметкерлері пәтерге кіріп, ер адамға әйелді балконға кіргізіп алуға көмектесті.

«Анықталғандай пәтерде 47 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел азаматтық некеде тұрған. Олардың арасында ұрыс туындап, салдарынан әйел балконнан секіріп кетпек болған. Ер адам оны ұстап қалуға тырысқанымен, жалғыз өзі балконға кіргізіп ала алмады», – дейді полиция департаментіндегілер.

Қазіргі уақытта отбасылық жанжалдың неден туындағаны анықталып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау