Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында тұтқындалған ер адамға науқас әпкесіне донор болуға рұқсат берілді

Қостанай облысында қамауға алынған Нұлан Арестанов ауруханаға жеткізіліп, оған әпкесі Жұлдыз Арестановаға донор болуға рұқсат беріледі. Қостанай облыстық ІІД тиісті сауалды облыстық сот пен Бас прокуратураға жіберді.

Қостанай облысында тұтқындалған ер адамға науқас әпкесіне донор болуға рұқсат берілді

Бұл туралы «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қарабалық ауданының 31 жастағы тұрғыны Жұлдыз Арестановаға миелобласты аққан диагнозы қойылған. Оған шұғыл түрде сүйек кемігін трансплантациялау қажет. Ал оның ағасы жарамды донор ретінде белгіленген. Жұлдызды отаға дайындап жатқанда, 8 қыркүйекте ағасы тұтқындалып, салдарынан ота кейінге қалдырылыпты.

Арестанованың анасының сөзінше, полицейлер ұлына 7 жасар баласы бар әпкесі үшін донор болуға рұқсат беру туралы өтінішін жерде қалдырмай, көмектескен.

Енді ота Астанадағы Онкология және трансплантология орталығында жасалатын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау