Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында табылған беймәлім мақұлықты биологтар зерттеді

Кеше, 14 қаңтар күні таңертеңгілік, Қостанай облысы, Бағаналы ауылында беймәлім мақұлық табылды деген ақпарат шықты. Табылған белгісіз жәндіктің шын мәнінде не екенін анықтауға кәсіби мамандар жұмылдырылды.

5

Бұл туралы “Наша Газета” хабарлайды.

Белгісіз мақұлық Әулиекөл ауданындағы жергілікті ветеринарлық клиникаға әкелініп, зертханалық жұмыстар жасалды. Сәл бұрынырақ біз Бағаналы ауылы құрамына кіретін Қазанбас ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Маржанкүл Бірахметовамен тілдестік.

– Иә, орта мектептен белгісіз құртқа ұқсас жәндіктің табылғаны рас, – деді бас маман.

“Бір апта бұрын біздің мектептің от жағушылары көмірдің арасынан құрт секілді өзгеше жәндікті тауып алған еді. Қызметкер әлгі жәндікті күрекпен түртпек болғанда, ол қозғалып тіршілік белгісін танытқан”, – дейді Бағаналы орта мектебінің директоры Қайрат Қайдаулов. – “Бұл кезде даладағы ауа температурасы -30 градус шамасында болған еді. Ақырында, от жағушы әлгі жәндікті өзімен бірге үйіне алып кеткен”.

4

Біз Бағаналыға облыстық тарихи-өлкетану музейі табиғат бөлімінің ғылыми қызметкері Андрей Андрющенкомен бірге табан тіредік. Мектептің от жағушы қызметкері Генадий Кузнецовтың үйінде полиция, мектеп директоры және әкімшілік маманы барлығы болды. Үсті көмірдің шаңына көмілген жұмыртқаға барлығы таң қалыса қарады.

6

“Жәндік табылған 7 қаңтар күні мектептің жылыту жүйесіне көмір қалап жатқанмын. Ол үшін көмірді күрекке салып алу керек ғой. Кезекті рет күректі тастағанымда оған бір  жәндік секілді бірдеңе жабыса кетті. Әрі-бері қозғағанға кетпеді. Мен ырғап оны түсіруге тырыстым. Оның не зат екені мен үшін қызық болды. Оны су құйып тазартып, сыртын бөтен иістерден арылтып, бөлек қорапшаға салып қойдым”, – дейді Кузнецов.

 7

Құрт табылған көмір 2015 жылдың мамыр айында Екібастұздан әкелінген екен.

“Кәдімгідей қан айналымы бар жәндік екені көрініп тұр. Дегенмен, оның жәндіктердің нақты қай түріне жататынын анықтау қиын. Бүге-шігесіне дейін білу үшін ауылшаруашылығы институтының ветеринарлық лабороториясына жөнелткен дұрыс “, – дейді ғылыми қызметкер Андрей Андрющенко.

Үйге санэпидемиялық станция қызметкерлері келіп, дезинфекция жүргізіп, жәндікті стерилді ыдысқа салды.

 10

“Ол ішекке қатты ұқсайды. Бірақ, ол тірі болған. Менің қызым интернеттен қарап, оған қалай су тамызуға болатынын көрді”, – дейді дәрігер Альфина Лыгина.

“1978 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқаныма қарамастан, жәндіктің мұндай түрін бірінші рет көріп тұрмын”, – дейді жергілікті ветеринар дәрігер Галина Масляк.

Лабороториялық зерттеу жұмыстары әлі қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

1

“Көмірдің арасында жәндік орналасқан қуыс болған. Көмірді күрекпен ажыратып, сала бастаған кезде құралдың ұшы жәндіктің капсуласына тиіп кеткен болуы керек. Сол себепті ол жарылып, әу бастағы пішінінен ауытқыған. Ал от жағушы оны үйіне апарып жуған кезде оның бойындағы антифризды кетіріп тастауы мүмкін. Десе де алдағы зерттеу нәтижелерін күтетін боламыз. Мамандар мұның нақты жануарлардың қай түріне тиесілі екенін ажырата алулары керек”, – дейді Андрей Андрющенко.

Бұған дейін түсініксіз мақұлықтың адам басындай болған жұмыртқаны жарып шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау