Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында табылған белгісіз мақұлық өзге планетадан келуі мүмкін

Қостанай облысында табылған белгісіз тіршілік иесінің не екені әлі күнге беймәлім. Ал оны тауып алған азамат жұртты таң қалдырған құрт өзге ғаламшардан болуы мүмкін дейді.

жәндіккк

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Геннадий Кузнецов ұзындығы 20 сантиметрге жуық жәндікті өткен аптада көмірдің арасынан аршып алған болатын. Алайда ғалымдар оның болжамымен келіспейді. Олар бұрын-соңды кездеспеген тіршілік иесін сүтқоректілердің бір мүшесі болуы мүмкін дейді. Бірақ нақты не екенін дөп басып айта алмай отыр.

Сондықтан жергілікті билік жұқпалы аурулар мен басқа індеттің алдын алу үшін белгісіз құбыжықты санитарлық дәрігерлерге тапсырған. Енді оны Қостанайлық биологтар зерттеп, қайдан шыққанын анықтауға тырыспақ.
“Мынандай көрмеген нәрсе. Біз өзіміз де сенбей жүрміз. Бір жағынан құрт сияқты. Бір жағынан ішек-қарын сияқты. Ауылда қазір соғым сойып жатыр ғой. Сондықтан да көп мән берген жоқпыз. Мұны енді арнайы қызметтер бар ғой солар шешеді деп ойлаймын”, – дейді Қазанбас ауылдық аймағының әкімі Тұрғынбек Әбдібеков.

Бұл мақұлық мектептегі көмір қомасына табылған болатын. Алғаш көрген жұмысшылар оның тірі екенін.таяқпен шұқыған кезде түсін өзгертіп,айбат шегетінін айтқан еді.

Талқылау