Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында полиция тұрғынды саусағыңды кесіп тастаймыз деп қорқытқан

Қостанай облысында екі полиция қызметкері 20 жастағы анаға қысым көрсетті деп айыпталуда. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

13850-6-za_oskorbleniya_v_socs_ru

Фото: liter.kz

Іс материалы бойынша, осы жылдың 10 сәуірінде сағат шамамен 09.00-де Қарабалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Есенкөл ауылындағы зардап шегуші 20 жастағы Д-ның үйіне барып, оны өздерімен бірге полиция пунктіне шақырады. Қыздың үйінде 2015 жылы туған баласы қалған. Зардап шегуші Д. күйеуге шықпаған. Ол кішкентай сәбиі және анасымен бірге тұрады екен.

Жас ананы олар учаскелік инспектордың кабинетіне алып келген.

“Олар дөрекі түрде ұрлық жасағанын мойындауға мәжбүрлейді. Полиция аға лейтенанты С. полиция майоры Т.-ның үнсіз келісімімен, егер қойылған сұрақтарға жауап бермесең бір саусағыңнан кесіп отырамын деп қорқытқан”, – делінген хабарламада.

Алайда зардап шегуші еш үндемей, полиция қызметкерінің сұрақтарына жауап бермеген.

“Сол кезде С. азаматша отырған үстелдің жанына келіп, оны шашынан тартып еденге ұрып, аяғымен кеудесінен тепкілеген. Қызды орынынан тұрғызып, оң қолын артына қайырып оң жақ құлақ шекесінен жұдырықпен ұрған. Қыз бетінен де бірнеше соққы алған”, – деп жазылған мәтінде.

Бұл іс бойынша сот істі осы жылдың 16 қыркүйегінде қарайды.

Талқылау