Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында белгісіз біреулер полиция бөлімшесіне оқ жаудырды

Қостанай облысының аудандық полиция басқармасының ғимаратына қара автокөліктегі белгісіз тұлғалар оқ жаудырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында полиция бөлімшесіне оқ жаудырды

Оқиға 16 қазанда Меңдіқара ауданында болды. Абырой болғанда атыстан жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұл оқиға жайлы жергілікті тұрғындар айтып берді. Қазір оқиға орнында тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеуде. Сондай-ақ, полицейлер жолдан өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің құжаттарын тексеріп жатыр.

Қостанай облысы ішкі істер департаменті де полиция басқармасының ғимаратына оқ атылғаны жайлы фактіні растады. Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау