Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полицей өз өмірін қатерге тіге отырып бір отбасын аман алып қалды

29 ақпан күні Қостанай облысы, Таранов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Ерлан Таңжарықовтың телефонына таңғы 4 шамасында қоңырау келіп түседі. Тұтқаның ар жағынан кішкентай бала көмек сұрап, тезірек келуін өтінеді.

+5556

Бұл туралы gazetamayak.kz сайты хабарлайды.

Ерлан ұзақ ойланып жатпастан бірден айтқан мекен-жайға жетеді. Инспектор, үйге келіп байланып жатқан үйдің иесі, оның анасы және әпкесін көреді. Ал үйдің ішінде қолында асүй пышағын ұстаған ер адам әрлі-берлі кезіп, қорқытып, олардан үйдегі бағалы мүліктер мен ақшаны беруді талап етіп қорқытып жатыр екен.

Полицияны көрген ер адам бірден сасқалақтап қалады. Осы сәтті пайдаланған Ерлан Таңжарықов дереу ұрыс тәсілімен ер адамды құлатып ұстап алып, қарусыздандырады. Мұнан соң жедел топ келіп, арнайы негіздеме бойынша әрекет етеді. Нәтижесінде қылмыс жасаған ер адам түрмеге жабылатын болды.

Ал учаскелік инспекторды телефонмен диван астына жасырынған қыз шақырып үлгерген екен. Полицейдің нөмірі балада “Мен сіздің инспекторыңызбын” акциясы негізінде сақтаулы тұрған.

Талқылау