Қостанайда полицей өз өмірін қатерге тіге отырып бір отбасын аман алып қалды

Жұма, 1 Сәуір , 2016 16:02

29 ақпан күні Қостанай облысы, Таранов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Ерлан Таңжарықовтың телефонына таңғы 4 шамасында қоңырау келіп түседі. Тұтқаның ар жағынан кішкентай бала көмек сұрап, тезірек келуін өтінеді.

+5556

Бұл туралы gazetamayak.kz сайты хабарлайды.

Ерлан ұзақ ойланып жатпастан бірден айтқан мекен-жайға жетеді. Инспектор, үйге келіп байланып жатқан үйдің иесі, оның анасы және әпкесін көреді. Ал үйдің ішінде қолында асүй пышағын ұстаған ер адам әрлі-берлі кезіп, қорқытып, олардан үйдегі бағалы мүліктер мен ақшаны беруді талап етіп қорқытып жатыр екен.

Полицияны көрген ер адам бірден сасқалақтап қалады. Осы сәтті пайдаланған Ерлан Таңжарықов дереу ұрыс тәсілімен ер адамды құлатып ұстап алып, қарусыздандырады. Мұнан соң жедел топ келіп, арнайы негіздеме бойынша әрекет етеді. Нәтижесінде қылмыс жасаған ер адам түрмеге жабылатын болды.

Ал учаскелік инспекторды телефонмен диван астына жасырынған қыз шақырып үлгерген екен. Полицейдің нөмірі балада “Мен сіздің инспекторыңызбын” акциясы негізінде сақтаулы тұрған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • мирас says:

    Ерлан жарайсын нагыз азамат екесин

  • Жұмбақ жан says:

    Жарайды кызда Ерланда мактауга ылайык! Биздин ауылда болса биригип тона еди….

  • Айгуль says:

    Отец акылды кыз екен. Инспектор улкен ерлик жасады. Осындай инспекторлар Кобейн берсин.

  • алешка says:

    Полицейлердинде ишинде АДАМДАРЫ бар гой

  • Жұмбақ жан says:

    Шын болса керемет екен, бала да, инспектор да курметке лайык

  • Жұмбақ жан says:

    біздің алатаудың сабаздары тездегенде ертесі сол уақтта келіп мүрделерін тауп алар еді.мынау раснда бір жаңалық екен.

  • Жұмбақ жан says:

    жараисын!

  • Жұмбақ жан says:

    Мвладес акылды кыз жарайсын.

  • Жұмбақ жан says:

    Ер екен. Есінеп орнында отыра бермей, көмекке келген.

  • Жұмбақ жан says:

    Машалла

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар