Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полицейге екі мың теңге пара ұсынған жүргізушіге 400 мың теңге айыппұл салынды

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 676 бабы бойынша (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) 19 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.

vzyatka1

Сурет www.uralskweek.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Өткен жылдың желтоқсанында Қостанай қаласының орталық базары маңында  сұр түсті  «Лифан-214813» автокөлігінің тұраққа рұқсат берілмеген жерде, яғни қоғамдық автокөлік тоқтайтын орында  тоқтағаны анықталған. Осылайша, көлік иесі ол ҚР ӘҚБтК 597 бабы 1 бөлігі бойынша көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзған. Айыбын мойындаған жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмауды өтініп полиция қызметкеріне 2 мың теңге көлемінде сыйақы ұсынған», – деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот сотталушыны әкімшілік құқық бұзушылыққа айыпты деп танып, оған мемлекет пайдасына 200 АЕК көлемінде, яғни 396400 теңге айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау