Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында полицей өзіне бағынбаған жүргізушіге оқ жаудырды

Көлік жүргізушісіне қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 379 бабына сай «Өкімет өкіліне бағынбағаны үшін» іс қозғалды.

10599088
Полиция қызметкері спирттік ішімдікке сылқия тойған жүргізушіні тоқтату үшін табельдік тапаншасын пайдаланған.

« 9 қаңтар күні Буреновка ауылының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Полиция қызметкерлері өздерінен қашпақ болған азаматты тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болды»,-деп жазады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлерінің берген мағлұматына сай күдікті Қостанай-Мамлютка тас жолында ұсталған.

Жүргізуші полиция қызметкерінің алдын ала жасаған ескертуіне құлақ аспай,жылдамдықты арттыра түскен. Күдікті ұсталғаннан кейін бірден медициналық тексеруден өткізілген. Онда жүргізушінің ішімдік ішкені анықталған.

Енді оның қылмысына байланысты нақты шешімді сот белгілейтін болады.

Талқылау