Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында полицей бопсалаушылықпен 10 миллион теңге талап еткен

Қостанай облысында полиция қызметкеріне қатысты жемқорлық ісі қозғалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

18 қазақ күні кәсіпкер өзіндік қауіпсіздік департаментіне арыз жазған. Арызда жол патрульдік полиция батальонының инспекторы, лейтенанттың одан 10 миллион теңге көлемінде пара сұрағаны айтылған.

3 қараша күні жемқорлықпен күдіктелген қызметкер тұтқындалды. Осы жағдай сотқа дейінгі Біріңғай тізілімде Қылмыстық кодекстің 4 бөлімі, “Ірі көлемдегі бопсалаушылық” деген 194 бабы бойынша тіркелген.

Күдікті изоляторда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Талқылау