Қостанай облысында өзінен ақша бопсалаған құрдасын өлтірген жеткіншек 12 жылға сотталды

Сәрсенбі, 25 Қараша , 2015 18:53

Қостанай облысында 17 жастағы жеткіншек өзінен ақша бопсалаған құрдасын өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын тәрбиелік колонияда өткізбек, – деп хабарлайды Stan.kz НГ-ға сілтеме жасап.

23-10-2015-Oral

Іс материалдарына сәйкес, Рудный тұрғыны 24 маусым күні үйінің ауласында құрдасымен жанжалдасқан. Құрдасы одан ақша бопсалағанына ашуланған жеткіншек оны артынан қуып барып, пышақтап тастаған.

“Жанжал барысында жеткіншек бопсалауға қатысты құқық қорғау органдарына хабар берудің орнына, өзі қарсыласына сабақ бермек болып, оны өлтірген”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, жеткіншек қылмысқа барған кезде мас болған. Ол үйінен пышақ алып, құрдасын іздеуге шыққан. Тапқаннан кейін оның кеудесіне пышақ соққысын жасаған. Зардап шегуші соққыдан кейін біраз жерге қашқан. Алайда жеткіншек оның артынан қуалап отырып, өлетініне көзі жеткенде бір-ақ кетіп қалған.

Жарақат алған рудныйлық емханаға барар жолда көз жұмды. Сот 17 жастағы жеткіншекті Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар