Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында науқас баланы өзге ұлт өкілі болғаны үшін қарамай қойған дәрігер кешірім сұрады (видео)

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы емхананың лор-дәрігері науқас баланы өзге ұлт өкілі болғаны үшін қарамай қойған еді. Баланың анасы екеуінің арасындағы әңгімені видеоға түсіріп, желіде таратып жіберген. Артынша дәрігердің өз әрекеті үшін кешірім сұрағаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында науқас баланы өзге ұлт өкілі болғаны үшін қарамай қойған дәрігер кешірім сұрады (видео)

Желіде пайда болған видеода тараптардың ымыраға келгенін байқауға болады. Дәрігер Мөлдір Өтебаева мен баланың анасы бір-бірінен кешірім сұрап, қол алысты.

«Құрметті достар мен әріптестер және емханада біздің арамызда болған дау-дамай үшін алаңдаған азаматтар, дәрігер өз қателігін түсініп, кешірім сұрады. Арқалық қаласының әкімшілігі мен бас дәрігер Туранинаға деген құрметім үшін, мен оны түсініп, кешірдім. Оның жағдайына ендім. Мен әлемдегі тыныштықты қолдаймын! Қазақстан және Арқалық гүлдене берсін. Бұл көп ұлтты мемлекет. Қуанышқа орай, мен өз елімнің патриотымын. Бұл барлығына сабақ болады деп үміттенемін», – деп жазды баланың анасы.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Save As Bot: Помните пост о враче, которая на видео грубо разговаривала с мамой пациента, упоминала гос.язык? Вопрос решился !) • Дорогие друзья и коллеги ну и конечно же переживавшие граждани по поводу вчерашнего конфликта в поликлинике , доктор поняла свою ошибку и попросила прощение. Я её поняла и простила. Вошла в её положение.Ради уважения к администрации города Аркалыка и главного врача доктора Тураниной. Я за мир во всём мире! Пусть Казахстан в том числе и Аркалык процветает ведь это многонациональная странна. К счастью я патриотка своей родины. Очень надеюсь, что для всех это будет уроком.

Публикация от Almaty LIFE Подписывайся↗ (@almaty.life)

Еске сала кетсек, бұған дейін Арқалық қаласында дәрігер науқас баланы өзге ұлт өкілі болғаны үшін қараудан бас тартқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау