Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында мүгедек баланың өліміне анасы кінәлі деп танылды

Қостанай облысының Қарабалық аудандық сот отырысында 6 жасар мүгедек балаға қажетті күтім жасалмағаны, дұрыс тамақтанбағаны оның өліміне себепші болғаны анықталып, әйелді ұлының өліміне кінәлі деп тапты.

женщины-в-тюрьмах-1женщины-в-тюрьмах-1

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

24 жастағы әйел БМП ауруымен ауырған мүгедек баланың анасы. Бұған дейін ол екі баланың анасы құқығынан айырылған болатын. Ол ұлының күтіміне дұрыс қарамаған.

Науқас бала өздігінен отырып, тамақ ішіп, еркін қозғала алмаған. Күнделікті медициналық аппараттарға сүйенген. Үнемі жатқандықтан салмағы да күн санап азайа берген.

Жас ананың тұрғылықты мекен-жайы жоқ. 2015 жылы ұрлау ісі бойыша ұсталып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

2015 жылы 31 шілдеде науқас бала салмағы азайып, 8 келіге түсіп кеткендіктен аудандық аурухана жатқызылған. Куәгерлердің айтуынша, баланы ауруханаға алып кеткен күні анасы мас күйінде болған. 14 қазанда науқас бала ауруханада көз жұмды.

Сот шешімі бойынша ол 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтемек.

Талқылау