Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында мас әйел көлігімен науқас баланы алып бара жатқан жедел жәрдемге соғылды

Рудный-Қостанай тас жолында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Рөлге мас күйінде отырған әйел Volkswagen Golf маркалы автокөлігімен науқас баланы Қостанайға апара жатқан жедел жәрдем көлігіне соғылды. Соның салдарынан баланы қаладағы ауруханаға әкеле жатқан реанимобиль аударылып қалды.

Қостанай облысында мас әйел көлігімен науқас баланы алып бара жатқан жедел жәрдемге соғылды

Бұл туралы alau.kz-ке сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Реанимобиль  науқас баланы Жітіқарадан Қостанайға апара жатқан болатын. Көлікте дәрігерлерден бөлек, науқас қыздың әкесі болды. Көлік апаты шамамен 16:00-де болды. Яғни, жол көрінетін күндізгі уақытта орын алды. Кенеттен Қаратомар су қоймасының жағасындағы демалыс орнына апаратын жолдардың бірінен автокөлік шыға келіп, жедел жәрдем көлігіне соғылды. Соққыдан науқас қызды аурухана апара жатқан медициналық көлік аударып қалды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ, бәрі дін аман», – деді ІІМ Ішкі істер министрлігінің инспекторы Қостанай Алтамат Қарымсақов.

Сондай-ақ, көлікті мас күйінде айдаған әйелдің бұрын автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Жүргізуші әйел жол-көлік апаты кезінде орташа жағдайда мас болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау