Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы мал сою цехында үш адам көз жұмды

Қостанай облысында бір мезетте үш адам жұмыста жүріп қаза тапты. Қайғылы оқиға қала сыртындағы мал сою цехында болған.

inhabitant090900060 (1)

Сурет: www.amsalemmedicalcenter.org 

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Кәсіпорындағы кәріз жүйесін тазалауға түскен бір жұмысшы ес-түссіз құлап түскен. Оны құтқармаққа тырысқан тағы төрт қызметкер де құбырдан шыға алмай қалған. Олар газ исінен улануы мүмкін. Ауруханаға жеткізілген бесеудің екеуі ғана есін жиды.

Марқұмдардың үшеуі де қырыққа толмаған, әйелі, балалары жоқ. Кәсіпорын жұмысын жалғастыруда, қазір онда тексеру жүріп жатыр. Осы іске қатысты құрылған арнайы комиссия бірден бірнеше заңбұзушылықты анықтаған.

– “Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бес жұмыскердің төртеуі заңды түрде тіркелмеген. Яғни олар жұмыс берушімен еңбек келісім-шартына қол қоймаған. Сондай-ақ газға қарсы қорғаныш құралдарын да қолданбағаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр, бастапқы деректер он жұмыс күнінің ішінде белгілі болады”, – дейді Максим Маргунов, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының жетекшісі.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда сiбiр жарасын жұқтырған 2 адам көз жұмды

Шахтинскіде түлектердің бірінің анасы өлең оқып тұрып, көз жұмды

Ақмола лагерінде оқушы қыз абайсызда әйнекті сындырып алып қайтыс болды

Талқылау