Қостанай облысында қызғаншақ күйеуі әйелін мылтықпен атып өлтіре жаздады

Жұма, 14 Сәуір , 2017 16:37

Сот қызғаныштан әйелін атып өлтірмек болған Қостанай облысы тұрғынын бас бостандығынан айырды деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.

32319e27-8daf-4ad5-bce6-2b3942a8dc35

Былтыр қараша айында Жітіқара тұрғыны түн ортасында қала кафелерінің біріне келеді. Қолында 16 колибрлі шолақ мылтық пен 12 оқ болған. Қызғаныштан ашуға булыққан ер адам шолақ мылтықты оқтайды да, әйелінің кеудесіне кезейді.

Бірнеше рет шүріппені басқанымен, еш нәтиже шықпайды. Сол кезде жәбірленуші оқиға орнынан қашып кетуге талпынады, бірақ күйеуі оны ұстап алып, тағы да шүріппені басады. Бұл жолы да оқ атылмай қойып, әйел адам қашып кетеді.

Сот ер адамды сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда студент суға батып өлмекші болған қарияны құтқарып қалды

Алматыда университет жатақханасындағы студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

11 баланың əкесі: Азық-түлікті қаптап аламыз (фото)

Ақмола облысында бүтіндей бір ауыл тұрғындары келесі бетке қайықпен қатынап жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар