Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында көшеден жаңа туған нәресте табылды

Қостанай облысының Рудный қаласында жаңа туған сәби табылды.

Жаңа туған сәби жанармай құю бекетінің маңынан табылды. Қыз бала тірі күйінде. Денсаулығын тексерген дәрігерлер сәбидің дені сау екенін айтты, деп жазады Қостанай жаңалықтары.

Қыз баланың салмағы 3 келі. Қазір оны перзентханаға алып кетті.

Бұған дейін Түркістан облысында жаңа туған шақалақ сөмке ішінен табылған еді. Сәбиді сөмкені ашып көрмек болған әйел құтқарып қалды.

Ал, Қостанай облысының тұрғыны әжетханада босанып, сәбиін шелектің ішіне тастап кеткен еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау