Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында “Қазпоштаның” бұрынғы қызметкерлері зейнеткердің ақшасын ұрлаған

Қостанай облысы, Таран ауданында “Қазпошта” АҚ үш қызметкері жауапқа тартылды. Оларға зейнеткердің ақшасын ұрлаған деген айып тағылған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

ыыцвцвцв

50 жастағы Людмила Реймер, 49 жастағы Светлана Митак және 62 жастағы Орынтай Қанапияновалар өз қызмет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ірі көлемдегі ақшаны жымқыру әрекетін жүзеге асырған.

Таран ауданы Май ауылындағы почта бөлімшесінің басшысы Людмила Реймер екінші категориядағы маман Светлана Митак және оператор Орынтай Қанапияновамен бірлеса отырып 2012 жылдың 11 қаңтары мен 2014 жылдың 16 маусымы аралығында клиенттердің ақшасын шешіп алып отырған.

“”Қазпошта” АҚ қызметкерлері клиенттердің немесе олардың сенім білдірген адамдарының рұқсатынсыз ақша алып келген. Олардың қалтасына зейнеткерлердің әлеуметтік жәрдемақылары мен зейнетақылар түсіп отырған. Зардап шегушілердің арасында зейнеткерлер, мүгедектер, жесір-жетімдер бар. Ұрланған 6 миллионнан астам ақшаны әйелдер жеке мақсаттарына жұмсаған. Тергеу уақыты кезінде тек бір миллион теңге ғана қайтарылды”, – деді соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен Людмила Реймер 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейтін болды. Сондай-ақ, дүние-мүліктері де тәркіленбек. Орынтай Қанапияноваға да сот дәл осындай шартпен 5 жыл белгіледі. Светлана Митак та соттың дәл осындай үкімінен құтыла алмады.

Талқылау