Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында «Қазагрофинанс» басшысы парамен ұсталды

Қостанай облысы бойынша «Қазагрофинанс» басшысы және оған пара берген ЖШС директоры ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді.

“Қостанай облысы бойынша «Казагрофинанс» АҚ басшысы мен ЖШС директоры облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жедел-іздестіру шарасы кезінде қолға түсті. Бірі пара бергені үшін, бірі алғаны үшін ұсталды. «Казагрофинанс» АҚ басшысы облыстың агроөнеркәсіп өндірушілерінен жүйелі негізде пара алғандығы үшін айыпталуда”, – деді Нұрлан Жахин.

Оқиға маусым-тамыз айларында болды. Мәліметтерге сәйкес, күдікті 1 млн теңге көлемінде пара алды. Пара алу ісіне қатысты 5 факті тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау