Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында қамауда отырған қылмыскер қасық жұтып қойған

Қостанай облысында қамауда отырған тұқын қасық жұтып қойды. Осылайша ол қарсылық танытпақ болған.

ls_prestizh-1024x768

Ер адам Арқалықтағы ауруханаға жеткізілді. Қылмыскерге ота жасалып, сәтті аяқталған. Науқас ауруханадан шығарылып, қайтадан темір торға тоғытылды, деп хабарлады “Костанайские новости”.

Аурухананың бас дәрігері Қуандық Смағұловтың сөзінше, мұндай жағдай шамамен жылына бір рет орын алады.

«Мұндай отаны өткізу әдістемесі дәрігер үшін қиын емес. Негізінен көп нәрсе заттың адамның ішінде неше уақыт болғанына байланысты», – дейді дәрігер.

Ал облыстық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Владимир Стельмах өзінің хирургия саласындағы тәжірибесінде мұндай жағдайға ешқашан кезікпегенін айтып өтті.

«Адамдар не жұтпайды десеңізші? Қасық та, шеге де, ине де.. Алайда үнемі бәрі сәтті аяқталады. Тез арада ота жасап, шығарып алатынбыз. 45 шеге жұтып қойған науқас есімде. 43 шегені тез арада шығардық, ал екеуін ұзақ уақыт іздедік. Ол да абақтыда отырған азамат болатын. Құрыштан жасалған алқа жұтқандар да кездескен. Оны шығарып алу оңай емес. Көбінесе мұндай қадамға сотталғандар барады. Ал бостандықта тек психикалық ауытқушылығы бар адам бірдеңе жұтуы мүмкін», – дейді дәрігер.

Жіберіп алмаңыз: 

Қылмыскерлер семейлік жігітті “көгілдір” екенін елге жариялаймыз деп бопсалаған

Оралда қылмыскер құрбанының мәйітін бетонмен бітеп тастаған

Филиппинде қандықол қылмыскер президентпен байланысы барын мойындады

Өскеменде 9 мамыр күні тоналған соғыс ардагері қылмыскерді кешіріп, оны соттамауды сұрады

Талқылау