Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында екі студент қыз жоғалып кетті

Қостанайда екі бірдей студент қыз жоғалып кетті. 18 жастағы қыздарды куәгерлер соңғы рет 28 қараша күні жас жігіттермен бірге Қостанайдағы “Mart” сауда ойын-сауық орталығынан көріпті.

4

Бұл туралы қыздардың бірінің әпкесі Ксения Семегина ВКонтакте желісіндегі парақшасында хабарлады. Туыстары Вероника Семегина мен Назгүл Сәдуақасованы интернет арқылы іздеп жатыр.

“Вероника 27 қараша күні сағат 21:00 шамасында белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Назгүл 24 қараша күні үйінен кетіп қалғаннан кейін оралмаған. Қыздар екеуі бір жерде болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Вероника Семегина Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде оқиды. Ал құрбысы Назгүл Қостанай политехникалық колледжінің студенті. Ол Затабольск ауылындағы әжесінің қолында тұрған. Назгүлдің анасы соңғы рет қызымен 27 қараша күні кешкісін телефонмен сөйлескен.

“Жексенбі күні мен қызыммен сөйлестім. Қазір оның да, Верониканың да телефоны өшірулі. Мүмкін олар қалада емес шығар. Бірақ әзірге іздеу жұмыстары бойынша ешқандай нәтиже жоқ”, – дейді анасы.

Егер кімде-кім қыздарды көрген немесе олар туралы ақпарат білетін болса, туыстары мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 102; 8 707 407 23 51; 8 707 111 56 33; 8 777 447 03 94.

Оқи отырыңыз:

Темекі шеккен хиджабтағы қыздар желі қолданушыларын шошытты (видео)

Қазақстанда 30 мыңға жуық сотталушы түрмеден босатылады

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Елімізде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі кемуі мүмкін

Талқылау