Қостанай облысында бойжеткен өзімен бірге уақыт өткізген жігіттің көлігін айдап қашып кетті

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 15:06

22 қазан күні таңғы 4:00 шамасында Таран ауданында көлікті ұрлап алып кету фактісі тіркелген.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Бойжеткен сол түні өзімен бірге уақыт өткізген жігіттің көлігін айдап кеткен.

«Volksvagen Passat» автокөлік үй ауласында тұрған екен. Қыз кілтті алып, кетіп қалған.

“Автокөлік иесі машинасының жоғалғанын біліп, полицияға хабар береді. Полицейлер қызды Горняков-Тобольская көшелерінің қиылысында ұстады. Қыз өз әрекетін түсіндіріп бере алмады. Алайда жасаған ісін мойындады”, – деп хабарлады ІІД.

22 жастағы қызға ҚР ҚК 200 бабы бойынша айып тағылып отыр. Қазіргі таңда полицейлер істің ақ-қарасын тексеру үстінде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар