Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында баласымен бірге жоғалып кеткен әйел көрші ауылдан табылды

Қостанай облысының Әулиекөл аулында жоғалып кеткен 30 жастағы Анар Қыдырова мен 10 жасар ұлы Әрсен Сантай табылды. Олар көршілес ауылда болған, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қостанай облысында баласымен бірге жоғалып кеткен әйел көрші ауылдан табылды

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында 30 жастағы әйелдің ұлымен бірге жоғалып кеткені хабарланған еді. Олар түнгі уақытта үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.

Белгілі болғандай, жоғалып кеткен әйел ұлымен бірге танысының үйінен табылды.

«Шұғыл іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері әйел мен баласын тапты. Олар көрші ауылда тұратын танысының үйінде болған», – делінеді ведомство хабарламасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау