Қостанай облысында бүтін бір отбасы мәйітхана ғимаратында тұрып жатыр

Бейсенбі, 11 Мамыр , 2017 18:52

Қостанай облысында бір отбасындағы төрт адам үй деп айтуға келмейтін құжырада күн кешіп жатыр. Раушан Қожамқұлова мен оның үш баласы әр күні мен түнін бұрынғы мәйітхана қабырғасында өткізуде.

2226175

Бұл туралы “Костанайские новости” хабарлайды.

Бұрынғы мәйітхананың орнында бұрын стоматология болыпты. Раушан мен күйеуінің қаржылық қиын жағдайларына байланысты осы жерді баспана етуге мәжбүр.

“Бастапқыда бұл жерге әпкеміз келген, ол ғимараттың басқа бөлігінде тұрады. Ол жер жөнделген, жағдайы сәл де болса жақсы. Бұл жерде тек жарық пен газға ғана төлейміз”, – дейді әйел.

Раушанның отбасы ұзақ уақыттан бері баспана кезегінде тұрса да, үйлі болудың сәті келер емес. Ара-тұра бұрын бұл жерде өлген адамдардың жатқаны есіне түссе, өз ойынан өзі шошып кете береді.

“Қорқынышты сәттер болады. Мәйітханадан кейін стоматология болған. Дизинфекция жасалған шығар деп ойлаймын. Сондықтан ғимараттың бұрынғы жайы туралы ойлағым келмейді. Бізге ұнайды, мектепте жақын, балаларға ыңғайлы”, – деді Раушан.

Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасы бұрынғы мәйітханада тұрудың заңға қайшы еместігін айтыпты.

“Бұған тыйым салатын ешқандай нормативтік құжат жоқ. Тіпті тубдиспансерлердің өзін кейін басқа мақсаттарға пайдаланады”, – деді Людмила Налобина.

Раушанның айтуынша, отбасы жақын уақытта Заречный ауылына көшуді жоспарлап отыр екен. Бұл ретте әйел ешкімнен материалдық көмек сұрамайтынын да айтты.

Оқи отырыңыз:

Бала тәрбиесінде ескерілуі тиіс 16 ереже

Бір жарым жастағы сәби кәсіби гимнасттардың қимылын қайталап таңғалдырды (видео)

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Полицейлер Алматы әуежайында тыржалаңаш жүрген ер адамды ұстады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар