Қостанай облысында әйел баласымен бірге жоғалып кетті

Қостанай облысында 30 жастағы Анар Қыдырова 10 жасар ұлымен бірге жоғалып кетті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қостанай облысында әйел баласымен бірге жоғалып кетті

«Қыдырова Анар Фархадқызы іздестірілуде. 1988 жылы дүниеге келген. 2018 жылдың 16 қазанында сағат 22:00-де Әулиекөл аулындағы үйінен 2008 жылғы ұлы Әрсен Сантаймен бірге белгісіз бағытта кетіп қалған», – делінеді хабарламада.

Әйелдің бойы 150-155 сантиметр, орташа денелі, ұзындығы иыққа дейін түсетін қара шашты, үлкен көзді, көзі көгілдір түсті, тік мұрынды, беті сопақша келген. Қызыл түсті күрте, сұр түсті бас киім, сұр түсті шалбар мен сұр түсті спорттық аяқ киім киген.

Баланың бойы 100-110 сантиметр, көк түсті күрте, көк түсті шалбар мен қара түсті туфли киген.

Жоғалып кеткендер туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден Қостанай облыстық ІІД-нің Әулиекөл аудандық ІІБ-сіне немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар