Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында ата-ана 9 жасар ұлдарын тамақ бермей аштан қатырған

Қостанай облысының Қашар ауылында ата-анасы тоғыз жастағы ұлын аштан қатырған. Бала амалсыз кафе жанындағы тамақты теріп жеп, ал қысты күндері қардың арасында мұз болып қатқан нанмен қоректенген.

ad168x4ze0b5yg927f3c1408718440-640x399

“Бала аш жүрген, ол кафе жанындағы тамақты теріп жеп, қыста да солай күнелтіпті. Мектеп оны мүмкіндігінше тамақтандырып, киіндіріпті. Ол үнемі аш жүрудің, дұрыс тамақтанбауының кесірінен ақыл-ой тұрғысынан дұрыс дамымаған. Ұрлығы үшін ешқашан ұсталмаған. Әкесі мен анасы бір-бірімен бірге тұрмайды, спирттік ішімдікке әбден әуестеніп кеткен. Бала негізінен әжесімен тұрған. Бірақ ол да ішімдікке құмар”, – деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ал қамқорлық органдары балаға пана тауып берген кезде де туыстары оны іздемеген. Облыстық ювеналды сот шешімімен әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылған.

“Олардың екеуі де баланы мемлекет қамқорлығына беруге келісіп, ата-ана құқығынан айырылу мәселесіне қарсылық танытпады. Екеуі де еш жерде жұмыс істемейді. Сот шешімімен ата-анасының әрқайсысы баланың өмір сүруі үшін ай сайын алимент төлеп тұруы тиіс”, – деп хабарлады облыстық сот.

Оқи отырыңыз:

Президент: Әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі

Үш жұмыста қатар істейтін жалғызбасты әке өзіне келіншек іздеп жүр

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары ауысты

Атырауда туған анасы ер жетіп қалған ұлын интернатқа өткізді

Талқылау