Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 6 баласы бар ана бір бөлмеде өмір сүріп отыр

Қостанай облысында Алтыншаш Байбосынова алты баласымен бірге бір бөлмеде өмір сүріп отыр. Ол бар болғаны 27 мың теңге алады. Бұл ақша үй арендасын төлеп, азық-түлік пен дәрі алуға әрең жетеді.

44444444444

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Бүкіл отбасы 20 шаршы метрге сыйысып отыр. Ол екі жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен.

“Ертең қатты аяз басталады, ал бізде үйді жылытатын ештеңе жоқ. Көмір түсірмедік. Қазірдің өзінде не салсаң да үй жылымайды. Қабырғалары өте жұқа. Балалар үнемі ауырады. Олар үшін қатты уайымдаймын”, – дейді көпбалалы ана.

Көпбалалы анаға “Нұр Отандықтар” қол ұшын созған. Олар балаларды мектепке тұрғызып, керек заттарын алып берген.

“Біздің филиал білім бөлімімен сөйлесе отырып, мәселені оң жағына қарай шешуге ықпал етті. Біз бұған қоғамның назарын аударып, оларға шын мәнінде азыұ-түлік, тамақтану жағынан қатты көмек керек екенін айтқымыз келеді”, – дейді партия филиалының бірінші орынбасары Қайрат Оспанов.

“Қазіргі таңда Затобольск ауданы аумағында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылған. Біз ол әйелмен хабарластық. Ол жұмысқа қабылдану туралы өтініш беруі тиіс. Заң бойынша, көпбалалы ананың баспанаға ие болуға құқығы бар”, – дейді Затобольск әкімі Алексей Тарасов.

Заңгер Дәурен Рахаделов, көпбалалы отбасы ҚР заңы бойынша баспана алуға толық құқылы деп отыр. Ол үшін әйел есепке тұруы тиіс. Әкімдік әйтседе, дәл қазіргі таңда ауылда бос үй жоқ дейді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда өзін әріптесі зорлады деп шағымданған әйелге қатысты тағы бір шу шықты

Полицейлер Астанада жоғалып кеткен 16 жастағы спортшыны тапты

Роликте “мас” болып жүрген әйелдер әкімшілік алдындағы қарды тазалады (видео)

Ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағандар да амнистияға ілігеді

Талқылау