Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 5 педофилге химиялық кастрация жасалуы мүмкін

Қостанай облысында 5 жазасын өтеуші педофилге химиялық кастрация жасалуы мүмкін. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ерлік Сералин айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.


Сот төрағасының айтуынша, биыл Қостанай облысында 5 педофилдің жаза мерзімі аяқталады. Олар бостандыққа шығуына 6 ай қалғанда арнайы сот-психиатриялық сараптамадан өткізіледі. Тексерістен кейін олардың педофилияға ұшырағаны дәлелденсе, химиялық кастрация жасалады екен.

«Бір жағынан химиялық препараттар адам денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Қылмыскердің денсаулығы кастрацияны көтере алмауы да мүмкін. Ондай жағдайда педофилге кастрация жасалмайды», – деді Сералин.

Химиялық кастрация тек соттың үкімімен арнайы сараптаманың қорытындысы бойынша ғана жасалады.

Кастрация бас бостандығынан айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерге химиялық кастрация жасауға рұқсат беретін заң нормасы қабылданған еді.
Тағы оқыңыз:

Шетелде тегін білім алудың қандай мүмкіндіктері бар

Декреттік демалысқа шығатын аналар нені білуі керек

Жертөледе тұратын 30 жастағы қазақ жігітінің хикаясы көпшілікті жылатты

52 адам қазасы: Ақтөбеде автобуста зардап шеккендердің есімі белгілі болды

Талқылау