Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында үш жасар қыз трактордың дөңгелегіндегі суға батып кеткен

Қайғылы оқиға Қостанай облысы Осиновка ауылында болды, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

20170517205247

2014 жылғы 14 мамырда туған қыз бала бақша суару үшін су толтырылған «К-700» тракторының дөңгелегінен табылды. Ведомствоның баспасөз қызметі нақтылағандай,  қайғылы жағдай баланы қараусыз қалдырған ата-анасының абайсыздығынан болған.

ТЖД қызметкерлері қайғылы жағдай өзен мен көлдерде ғана емес, сонымен бірге жасанды су қоймаларында, су құйылған көлемді ыдыстарда да болатынын  ескертеді. Ведомствоның деректеріне сәйкес, 2016 жылғы шомылу маусымында су қоймаларында 21 адам қаза тапты, оның 4-еуі – бала. Биыл облыс аумағында қайғылы оқиғадан 3 және 15 жастағы екі бала қаза тапқан.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда дипломды 200 мың теңгеге жасап сатады

Павлодар облысында отбасы бір күнде бес баланы асырап алды

Ақтөбеде өгей шешесі сабап тастаған қызға туған анасы келді

Талқылау