Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысынан табылған мақұлықтың жұмбағы шешілді

Қостанай облысынан табылған беймәлім мақұлықтың не екені ДНҚ сараптамасы арқылы анықталды.

photo_24728

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Облыстың табиғатты қорғау прокуроры Нариман Қасымбековтің айтуынша, жануардың ағзасы асқазан-ішек жолы, жыныс жүйесі және тағы басқадан тұратыны анықталған. Сараптамаға сәйкес, бұл биологиялық материалдың ірі қара малынан алынғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, ол ДНҚ сараптамалары мәліметтерінің “Синтол” ЖАҚ (Мәскеу) зертханасына жіберілгенін айтты.

Бұған дейін Қостанайда түсініксіз мақұлық адам басындай болатын жұмыртқаны жарып шыққаны жайлы және мақұлықтың өзге планетадан келуі мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Талқылау