Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облыстық сотында болған қанды өлімге байланысты мекеме күзетшісі жауапқа тартылуда

Амангелді ауданында болған әйел өліміне байланысты сот мекемесінің күзетшісі де жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

ac3bc55023bcbe2a9ad121e68d282b01

“Істі тексеру бойынша облыс прокурорының көмекшісі және тергеу тобының жетекшісі Ерлан Майоров хабарлағандай, 2017 жылы 28 ақпанда Қостанай облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің немқұрайлы әрекетіне (ҚР ҚК 371 бабы, 2 бөлімі) байланысты сотқа дейінгі тексеруді бастады. Амангелді аудандық сотының өткізу бақылау режимі мен күзет қызметіндегі босаңдық кесірінен пышақ қолданылу арқылы жасалған қанды өлім оқиғасы болды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қостанай облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы Амангелді ауданында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тексерудің нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

Бұған дейін Амангелді ауданында ер адамның ажыраспақ болған өз әйелін тура сот залында пышақтап өлтіргенін хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Құжатын жоғалтқан қазақстандық отбасы балаларын мектепке оқыта алмай жүр

Қазақстанда туған ұлы 60 жастағы әкесіне тоқал алып берген

Дәрігерлер құлдықтан құтылған жігіттің аяғын кесуге мәжбүр болды

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Талқылау