Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай әуежайында Иван Дычконы қызы күтіп алды (фото, видео)

Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко Қостанайға оралды, әуежайда оны туыстары, жанкүйерлері мен әкімдік өкілдері құшақ жая қарсы алды. Спортшының кішкентай қызы 1 ай көрмеген әкесіне ұмтылды.

20160824102949

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Маған жанкүйерлік етіп, мен үшін уайымдаған жандарға алғыс білдіргім келеді. Екінші рет Олимпиаданың  “Қола” жүлдесін алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта да біздің облыстың спортшылары олимпиадалық жүлделерге ие болып, биіктен көрінгенін қалаймын», – деді Қостанай әуежайында өткен брифинг барысында Иван Дычко.

20160824102956

Облыс орталығы көшелеріне шыққан жанкүйерлердің қошеметіне бөленген Иван қолына Мемлекеттік Ту ұстап, салтанатты кортежде жүріп өтті. Қостанайдағы мерекелік шаралар аяқталды және Дычко өзінің туған қаласы 50 шақырым жердегі Рудныйға аттанды. Рудный орталық алаңында спортшыға құрмет көрсетіледі және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласынан берілетін үш бөлмелі пәтер сертификатын табыстайды.

20160824101515

Жартылай финалда Дычко  ағылшын боксшысы Джзеф Джойстан жеңіліп қалды. Иван Дычко екінші мәрте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жіберіп алмаңыз:

Иван Дычко: Жеңілуіме өзім ғана кінәлімін

Әсет Исекешев Олимпиада жүлдегерлеріне жол талғамайтын көлік сыйлады (фото)

Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды (фото)

Талқылау