Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай әкімдігі көшені қолмен жуу оқиғасына түсінік берді

Жұмысшылар асфальтты қолымен жуып жатқан сурет бүгін еліміздің әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр. Суретті жүктеген азаматтардың мәліметінше, бұл – Қостанай қаласында болған оқиға екен.

20160923172242

ҚазАқпарат тілшісі Қостанай қаласының әкімдігіне хабарласып, шу шығарған суретке  қатысты түсініктеме алды.

«Жұмысшылар жолды қолымен жуды» деп жазылыпты. Алайда, түсіндіре кететін жайт, суреттегі көрініс жолдың бұзылған жерлерін қалпына келтіру үшін қолданылатын техникалық жұмыс. Жолдың бұзылған учаскесіне бояуды дұрыстап жағып, шаң кіргізбей, бояуды таза жерге жағу үшін осындай әдіс керек. оның үстіне, қазір күз мезгілі, айнала толған шаң», – дейді Қостанай әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин.

Оның айтуынша, жолдың бұзылған жеріне жағылатын бояу ұзақ уақытқа шыдау үшін жұмысшылар арнайы ерітіндімен жолдың сол жерін тазалап жатқан екен.

«Яғни, жолды қалай болса, солай жөндеу салмау үшін, арнайы ерітіндімен  тазалаған. Осы сәтті суретке түсіріп алған шығар… Біздің айтарымыз осы. Қостанай қаласының көшелерін қолмен емес, арнайы көліктің көмегімен жуамыз», – деді баспасөз хатшы.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев фотограф қызға шоколад сыйлады (видео)

Назарбаев: Мені сонша мақтаудың қажеті жоқ

Назарбаев Қостанайдағы отандық электромобильді жинақ көлігін өзі айдап көрді (фото)

Алматының мерейтойына келген Назарбаев костюм мен кроссовки киіп келді

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын көрсетті (видео)

Талқылау