Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшербаев: Келесі аптада Қызылорда халқына жер телімдері беріледі

Бүгін Қызылорда облысының Нағи Ілясов аулында өткен Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келесі аптадан бастап қаланың 7 мыңға жуық азаматына жер телімдерінің берілетіндігін мәлімдеді.

пипи

Сурет lada.kz

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Әкімнің сөзіне қарағанда, 2004 жылдан бері Қызылордада жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер телімдері берілген жоқ. Қазіргі кезде кезекте 49 мың 212 адам тұр. 2013 жылы осы мәселе зерделеніп, Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында жеке үй құрылысына арналған 980 гектар жер белгіленді. Сол жылы геологиясы тексеріліп, келесі жылы 234 млн.-ға жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

2015 жылы облыс басшылығы Үкіметте, ұлттық экономика және қаржы министрліктерінде бюджеттік өтінімдерімді қорғап шықты. Осының арқасында биылғы жылға 9,9 млрд. теңге бөлу туралы шешім шығарылды.

“Жақында конкурсы өтті. Осының аясында жаңағы 980 гектар жерге 75 шақырым жол, 353 шақырым ауыз су желісі, 102 шақырым газ құбыры, 150 электр желісі және бір дана трансформатор 1-желтоқсанға дейін салынып бітеді. Құдай қаласа, келесі дүйсенбі, шілденің 4-і күні Қызылорда қаласының 6600 азаматына жер телімдерін табысталады. Жаңа мөлтек ауданында. 36 мың халық тұратын жаңа мөлтек ауданы пайда болады. Бұл өте жақсы жетістік деп ойлаймын”, – деп атап көрсетті Қ.Көшербаев.

Талқылау