Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеден шыққан қорқынышты әуен тұрғындардың зәресін алды (видео)

Англияның Ипсвич қаласының көшелерінен шыққан қорқынышты фильмдегі секілді балалар әні жергілікті тұрғындардың зәресін алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қала көшелерінен шыққан қорқынышты әуен тұрғындардың зәресін алды (видео)

Қала тұрғындары It”s Raining, It”s атты ескі балалар әнінің жеке орындалуындағы нұсқасын естіп, берекелері қашты. Әсіресе, беймезгіл уақытта шыққан дыбыстар тұрғындарды әбден үрейлендірді.

Куәгерлер халықтың үрейін ұшырған дыбысты видеожазбаға түсіріп, ғаламторға жүктеді.
Жергілікті тұрғындар бірнеше рет шағым түсіргеннен кейін биліктегілер мистикалық жағдайды анықтауға тырысты. Қорқынышты әуен әсіресе қаладағы ескі фабрика орналасқан маңда қатты естілді.

Сөйтсе, бұл ән кезінде ұрыларды үркіту үшін арнайы сигнал ретінде қолданылған екен. Дегенмен, уақыт өте келе бұл сигнал өздігінен ойнайтын болған. Оның себебі, үлкен өрмекшілер бақылау камераларының алдынан өткенде әуен өзі іске қосылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау