Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеде тыр жалаңаш жүрген Көкшетау тұрғыны сот-психиатриялық сараптамаға жіберілді

Соттың шешімімен Көкшетауда киімсіз көшеде жүрген азамат сот-психиатриялық сараптамаға жіберілді.

12199761

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына облыстық соттан хабарлаған.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын Көкшетауда киімсіз азаматтың көшеден өтіп бара жатқаны бақылау камерасына түсіп қалғандығын айтқан болатынбыз. Тәртіп бұзушы жасырынып қалғандықтан, полицейлер оны қолға түсіре алмаған. Есесіне қала тұрғындары бұл жайтты ұялы телефон камераларына түсіріп алып, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Ақырында заң қызметкерлері 25-жастағы қала тұрғынын қала пәтерлерінің бірінен тапқан болатын. Өзінің арсыз әрекетін жас жігіт жолдасымен болған жанжалмен түсіндірді.

Қолға түскен кезде азамат ішімдік ішпеген. Психиатриялық тіркеуде де жоқ болып шықты. Тек енді оны облыстық сот сот-психиатриялық сараптамаға жіберіп отыр.

“Сот тәртіп бұзушының ақыл-есінің қаншалықты дұрыс екенін анықтау үшін амбулаторлық сот-психиатриялық сараптамасына жіберді. Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін ғана іс әрі қарай қаралады», – деді сот қызметкері.

Жіберіп алмаңыз: 

Лондонда келушілері тыр жалаңаш еркін жүре алатын терраса ашылмақ (фото)

Аптап ыстыққа шыдамаған әйел тыр жалаңаш фонтан суына шомыла кетті (видео)

Жол бойында тыр жалаңаш отырған еркек Ақтөбе тұрғындарын таң қалдырды (видео)

Эмили Ратаковски тыр жалаңаш отырып фотосессияға түсті (фото)

 

Талқылау