Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеде кетіп бара жатқан ер адам аңдаусызда өзіне оқ атып жіберді

АҚШ-тың Небраска штатында ер адам көше ортасында аңдаусызда өзін тапаншадан атып жіберген. Абырой болғанда, ол аман қалды. 

Линкольн қалалық полициясының мәліметінше, оқиға 1 мамырда орын алған. Хаттамаға сәйкес, 32 жастағы Питер Якобссон көшеде кетіп бара жатып, қалтасынан тапаншасын түсіріп алған. Осы кезде қару жерге соғылып, ер адамға қарай оқ атылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі WIBW порталына сілтеме жасап. 

Ер адам жергілікті ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Алған жарақаты оның өміріне қауіп төндірмейді. 

Ендігі Якобссон қаруды заңсыз сақтап, қала аумағында атыс шығарды деп айыпталып отыр. 
 

Талқылау