Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеде қараусыз қалған ленивец маймылы әлем елдеріне танылып үлгерген

Экватор елінің Лос-Риос провинциясында көшеде қалған ленивец маймылы әлеуметтік желі қолданушыларының арқасында жалпығаламдық феноменге айналды. Полицейлер көшеде елден көмек күткендей күйде тұрған ленивец маймылын тауып алған.

160126112135_sloth_main_3_624x624_comisiondetransitodeecuador

Бұл туралы bbc.com хабарлайды.

160126111901_sloth_main_2_624x624_comisiondetransitodeecuador

Приаматты 22 қаңтар күні жол қызметкерлері көрген. Олар маймылдың суретін Facebook желісіндегі транспорт комиссияарының парақшасына жүктеген.

Қазіргі уақытта маймылдың суреті 47 мың лайк жинап, 2 жарым мыңнан астам пікір жазылған. 16 мыңнан астам қолданушы өз парақшаларында бөліскен.

160126111749_sloth_main_1_624x624_comisiondetransitodeecuador

Желіде жарияланғандай, олар маймылды мал дәрігерлік ауруханаға жеткізген. Онда маймылдың дені сау екені анықталған.

160126112300_sloth_main_5_624x351_comisiondetransitodeecuador

Дүйсенбі күні маймылдың қолайлы мекеніне жеткізілгені белгілі болды.

160126112402_sloth_main_4_624x351_comsiondetransitodeecuador

«Маймыл өзі өмір сүрген ортаға оралып, өзін еркін сезініп жатыр. Барлықтарыңызға алғыс білдіреміз», – деп жазылған Эквадордың транспорттық комиссиялар сайтында.

Талқылау