Көше адамы: Алматы қаңғыбастарының жан түршігерлік өмірі (фото)

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 10:01

Алматылық қаңғыбастар талантты фотограф әрі белгілі поп-музыкант Иван Бесединнің жаңа жобасында басты кейіпкерге айналды. Суретші  бірнеше күнін тамағын қоқыстан тауып, жылуды көше бойындағы құбырлардан іздейтін адамдармен жақын араласуға арнаған. Ол өз кейіпкерлеріне өмірдегі рөлдерін сомдағаны үшін  ақы төлеген. Шығармашылықтың адамы әр бір еңбек тиісінше бағалануы керек деп есептейді.

бом13

Бұл туралы ЭкспрессК басылымы жазды.

Суретшінің өзге  фотографтарға қарағанда ұстанымы мен мақсаты бөлек. Ол ауқатты әрі жұртқа байлығын шашып көрсету үшін жүрген адамдарды емес қарапайым, қиын халдегілерді өзінің кейіпкері етіп таңдайды. Әрі тағдырлы адамдардың өмірі арқылы жайлы тұрып жатқандарға ой салғысы келеді. Оның ойы – мұндай мәселеге қоғам назары ауса, шешу жолдарын әр бір адам ойласа.

 

бом1

«Көше адамы» жобасы  алматылықтар үшін үйреншікті жағдайға айланып кеткен қаңғыбастардың өміріне арналады. Үйсіз-күйсіз, құжатсыз, тіпті жасын білмейтін, түсте не жеп, кешке қайда түнейтінін білмейтін жандардың өмірін зерттеу суретшінің басты жұмысы.

бом2

«Қарны тоқ, киімі бүтін бақытты адамдар көшедегі қаңғыбасты көргенде қарауға жиіркеніп, елемей өтіп кетуге тырысады. Олар тағдырлы адамның мәселесі жайлы естігісі де , көргісі де келмейді. Біз олардың өмірінің кез келген қорқынышты кинодан өтетінін білмейміз. Сұрауы жоқ қаңғыбасты сатып жіберу, жағар май құйып өртеп тастау оқиғалары тек  ресейде емес. Біздің де жастардың арасында сондай әрекетке баратындар бар. Қазір дамыған заман. Қаңғыбастар паналайтын орын болса деген арманым бар»,-дейді фотограф.

бом3

бом4

бом5

бом6

бом7

бом8

бом9

бом10

бом11

бом12

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Өте аянышты жағдай үкіметтегілер осылардың халін түсінбеймекен əлде көрмеймекен. Көрмейді десек онда қателескеніміз себебі əр қалада мұндайлар бар. Жаны ашйтын жандар сөз қозғап осылардың тағдырын қолға алса болар еді сонда мұндай жағдай болмас еді Суретте көргеніміз Қазақтар

  • Анонимно says:

    Сайлаубектен сұрау керек .

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар