Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қош бол, Қарагөз: Алматыда қазақ театрының аңызын ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда Қазақстанның Халық әртісі, актриса Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды.

Қош бол, Қарагөз: Алматыда қазақ театрының аңызын ақтық сапарға шығарып салды

Сурет: Sputnik / Тимур Батыршин

Марқұммен қоштасу рәсімі Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтті. Қазақ театрының аңызымен қоштасуға туыстары, әріптестері мен ел тұрғындары келіп жатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Әуезов театрына 60 жылға жуық ғұмырын арнаған Қазақстанның Халық әртісінің өлімі біз үшін орны толмас қайғы. Актриса театрда жұмыс істеген жылдар ішінде әлемдік классика мен ұлттық пьесаларда 100-ден аса рөлді сомдады. Оның шығармашылық жолы жастарға үлгі болып қалады», – дейді драма театрының директоры Асхат Маемиров.

схат Маемировтың сөзінше, актриса ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресіп келген.

Өз кезегінде Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған көңіл айту жеделхатын оқып берді.

Ал КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов актриса Зәмзәгүл Шәріпованың отандастарының жүрегінде мәңгі өмір сүретінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, актриса Зәмзәгүл Шәріпова 14 шілдеде өмірден өткен еді. Ол ақын Мұқағали Мақатаев, жазушы Мұхтар Әуезовтің музасы болған.

 

Талқылау