Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қош бол, біз құлап бара жатырмыз": Тайгада құлаған Ан-28 ұшағының жолаушысы сүйіктісіне қоштасу хатын жазған

Томск облысындағы тайгаға дұрыс қонбаған Ан-28 ұшағының жолаушысы спортшы Роман Макеев әуе кемесі құлап бара жатқан кезде, сүйіктісіне қоштасу хабарламасын жіберді. Бұл туралы оның жаттықтырушысы Дмитрий Голдинов "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Макеевтің сүйіктісі абдырап қалған.

"Жұма күні кешке Саша оны үйінде күткен. Арада біраз уақыт өткенде оған мынадай SMS келген: "Қош бол, біз құлап бара жатырмыз", — дейді Голдинов.

Әуе кемесі радардан жоғалып кеткенде, бірден жаман ой пайда болды, деп атап өтті Макеевтың жаттықтырушысы. Ол ауруханаларға қоңырау шалып, Роман туралы ақпарат білуге тырысты.

Спортшының өзі де апат жайлы пікір білдірді.



“Балалар жылап жатты, мен даусымды шығарып дұға жасадым. Қызыма смс жаздым. Телефонды таба ма, таппай ма, белгісіз ғой деп ойладым. Өмірім көз алдымнан өтті. Бәрі көз алдыма келді”, – дейді Роман Макеев апат туралы.

Айтуынша, Ан-28-дегі жолаушылар шұғыл жағдай туралы білгенде өмірімен қоштаса бастаған.

“Олар ең қиын жағдайға дайын болды”, – деді Макеев.

Айта кетейік, Ан-28 жолаушылар ұшағы 16 шілдеде шұғыл жағдайда қонған. Оның себебі қозғалтқыштардың істен шығуы болды. Кеме ашық алаңға қонған. Бортта 19 адам (оның ішінде экипаж), олардың екеуі балалар болған. Адамдар оқиға орнынан Томскке эвакуацияланды.

Ұшқыштар ұшақты аман-есен қондыра алды. Әуе кемесі қатты зақымданған болса да, борттағы барлық адамдар тірі қалды, ұшақ капитанының аяғы сынған.

Талқылау