Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Косарев: Қазақстанда джиптердің орнына трактор шығару керек

Елордада өтіп жатқан Жер реформасы бойынша комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруға бет бұратын кез келгенін тілге тиек етті.

af65c205-e066-408f-9101-9472a6bafd2f

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Біз Канададан әкелінген техникамен мынадай ұланғайыр жерімізде ауыл шаруашылығымызды көтере алмаймыз. Өзімізде техника шығара бастау қажет. Оған мүмкіншілігіміз бар. Сондықтан да ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруды бастау қажет деп санаймын”, – деді ол.

Мәжілісменнің сөзіне қарағанда, Қазақстан әр уақытта да ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруда жетекші көрсеткішке ие болған.

“Мысалға келтіре кетер болсам, бізде 36 млн гектар шабындыққа кеңестік Қазақстанда 550 мың трактор болған еді. Ал бүгінде 180 мың тракторымыз бар, оның 130 мыңы 14-15 жыл бұрын шығарылған ескі техникалар. Біз барлық жерді игере алмаймыз, оған күшіміз де жетпейді. Сондықтан бұл мәселені барынша байыппен қараған жөн”, – дейді Косарев.


Оқи отырыңыз:

Сағынтаев қазақстандық жерлердің жалға берілуінің басты шартын айтты

Шаханов: Аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек

Талқылау