Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қос аяғынан айырылған Екатерина Парафиева кінәлілерді атады

Алматыда Екатерина Парафиева зардап шеккен жол апатына қатысты сот жалғасуда,-деп жазды КТК арнасы.

Әйел қапыда арбаға танылуына екі жүргізуші де себеп дейді. Олар – өзара соғысқан жеңіл машина мен автобус тізгініндегі азаматтар. Осы көліктер арасындағы қақтығыс кесірі Парафиеваға тиген. Сол үшін судьядан кінәлілерді тиісті жазаға тартуды өтінді.

Әрі бұл істің арты тағы сотқа ұласпақ. Өйткені, зардап шегуші тарап екі жүргізуші мен автобус иесіне қатысты азаматтық іс қозғатып, моральдық шығынды өндіріп алмақ. Ашық люк үшін жауаптыларды да жазасыз қалдырмақ емес.

Бір қарағанда, айыпталушы өзге емес, мына кісі секілді. Өйткені, бүгін судья Ұлан Әбдуалиевті сұрақтың астына алды. Ол  автобуспен қақтығысқан тойотаның жүргізушісі.

Сол екі көліктің өзара соқтығысы  Парафиеваны аяғынан айырған. Бірақ, тергеу кезінде бұл азамат кінәсіз деп танылыпты. Тек оның сүттен ақ, судан таза екеніне ешкім сенбейді. Өйткені, әр сот сайын берген жауабы мың құбылуда.

Сараптама жүргізген мамандар бар кінәні Дәурен Жаңабаевтың мойнына ілген. Бірақ, қай-қайсысы да өздерін айыпты сезініп отырған жоқ. Жауапкершілікті бір-біріне сілтеуде. Тіпті, автобус жүргізушісі тергеудегі шикілік көп дейді.

«Ол өзі барып 20 күннен кейін менсіз чертеж берген. Ол енді әділдікке жатпайды ғой өзі бергені. Ол жерге мені шақырмаған, өздері келісіп, өздері барған»,-дейді айыпталушы Дәурен Жаңабаев.

Расында, тергеушілер өз жұмысын тиянақты жүргізбеген. Сол үшін бүгін олар да сотқа қатысты. Мамандар апат болған жердегі екінші зерттеуді Жаңабаевтың қатысуынсыз өткізген. Бұл туралы айыпталушының не өзіне, не қорғаушысына ескертпепті. Әрі қос жүргізушіні бетпе-бет жүздестірмеген.

Ал, Парафиеваның өзі екеуін де айыптайды. Өйткені, тойотаның жүйткіп келе жатқанын анық көріпті. Бұған дейін, куәгерлер Дәурен Жаңабаевтың да жол ережесін бұзғанын айтып берген еді.

«Тойотаның екі жолақтың арасында қатты жылдамдықпен келе жатқанын көрдім. Әрі ол сол кезде телефонмен сөйлескен. Екеуі де кінәлі болыр тұр. Аяғымды қайтарып ала алмаймын. Сонда да, оларға тиісті жаза беруді сұраймын»,-дейді зардап шегуші  Екатерина Парафиева.

Шым-шытырық істің арты тағы сотқа ұласпақ. Себебі, жәбірленуші тарап қос жүргізуші мен автобус иесіне қатысты азаматтық іс қозғатып, моральдық шығын өндіріп алмақ.

Оның соммасы  20 миллион теңге. Ал, апаттың басы ашық қалған люктен басталған. Парафиева оған жауаптылармен бөлек соттасады. Ал, 4 күннен кейін ол шетел аспақ.

Онда жол апатының кесірінен 1 топтағы мүгедек атанған әйелді күрделі ота күтіп тұр. Өтемақы ретінде талап еткен қаржы да Екатеринаның еміне жұмсалады.

Оқи отырыңыз:

Әкесі жындарды қуу үшін ұлының жыныс мүшесін балтамен шауып өлтірді

Сәпиевтен эстафета қабылдаған Левит уәде бойынша балалар үйіне барды

Ата-анасы рұқсатсыз некелескен қыз бен жігітті бауыздап өлтірді

 

 

Талқылау