Кортежбен серуен жасаған түлектер үшін 3 полковник қызметінен кетті

Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектептің басшылығы кортежбен серуен құрған түлектер үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды КТК-ға сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі.

kortej

Желіде түлектердің қара кортежбен серуен жасағаны түсірілген видео тараған еді. Бұл істі тексеру барысында Қорғаныс министрлігі қаталдық танытты. Мектептің басшысын, екі орынбасарын орнынан алды. Мұны оқу ордасында тәрбиелік жұмыстардың жүрмегенідігімен байланыстырды. 

"Мектептегі тәрбие жұмыстарының осалдығынан мектеп директоры подполковник Жабағи пен орынбасары под полковниктер Яғмуров, Қамалұлы қызметінен кетті. Кортеждегі көлік иелері де әкімшілік жауапқа тартылады", - деді Қорғаныс министрлігі департамент басшысы Қайрат Көпбаев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр