Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Көршінің қызын» айтпағаны үшін қария Тоқтар Серіковті балағаттап кеткен

Қарағанды өңірінде концерт берген танымал әнші Тоқтар Серіков кеш аяқталған соң ақсақалды қариядан балағат сөз естіген. Оған себеп әнші көпшілік сүйіп тыңдайтын «Көршінің қызы» әнін орындамай қойған, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_18

Жуырда ғана есеп беру кешін өткізген Тоқтар Серіков кеш барысында басынан өткерген қызықты оқиғасымен бөлісті.

Айтуынша, 7-8 жылдай уақыт бұрын Қарағанды өңірінің ақсақалы «Көршінің қызы» әнін айтпай қойғаны үшін әншіні балағаттап кеткен.

«Әр әншінің өзінің сүйікті әндері болады. Мысалы менің әндерімнің бәрін халық жақсы көреді, білемін. Бірақ кейде уақыт жетпейді. Бірін айтып, бірін айтпай жатамыз. Кеш болған соң жаңа әндерді орындағымыз келеді. Осыдан 7-8 жыл бұрын Қарағанды дейтін қасиетті өңірде үлкен циркте концерт бердік. Циркті білесіздер дөңгелек, халықтың бәрі үстіңе мініп тұрады. Не айтып тұрғандарын бәрін біліп тұрасың. Ана жерде рахат, сыбырлап тұрғанын естисің. «Бойы быртық екен» дейді. Біреу мақтап жатады, құлап түріп қоясың. Әнші болған соң жақсы көресің ғой. Сенің тарапыңа айтып жатқаны жақсы.

Сондай бір кезекті концертте кеш аяқталып, 2.5 сағат терлеп-тепшіп, дымым қалмай әнімді айтып қоштасып тұрсам, Қарағандыда бір ақсақал «әкеңнің аузы» деп боқтап кетіп барады (ар жағын айтпай-ақ қояйын). Мен таңғалдым. Ол кісінің алдында 2.5 сағат дымым қалмай, терлеп-тепшіп өлең айттым. Жазығым өлең айтқаным, ана кісі мені боқтап барады. Оны қасында тұрғандар естіп тұр. Әлгі кісінің қолынан шап бердім.

«Ақсақал, тоқтай тұрыңызшы! Сіз мені боқтап бара жатырсыз ба?» десем «Иә» деп жасырмайды. Айыпты болсам, елдің алдында кешірім сұрайын. Жыртыңдап билегенім ұнамай қалған шығар десем, бетіме қарап тұрып: «Атаңның баласы, «Көршінің қызын» неге айтпайсың?» – дейді. Сөйтсем жазығым сол екен. Атамды тоқтатып қойып, «Көршінің қызын» айтып бердім», – деген әнші концертке келген тыңдармандарын күлкіге қарық қылды.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар кезекті махаббатымен судың астында кездеспек (фото)

Қабатовтың келіншегі: Күшті де сүйкімді күйеуімді ешбір тоқалмен бөліспеймін

«Музарт» тобы жанкүйерлерінен көмек сұрады

Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтың қызына арнаған соңғы әнін бөлісті (видео)

Талқылау