Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көршінің қызын жүкті қылды": Асылхан Төлепов сахнаға қайта оралды

Көптен бері демалыста жүрген Асылхан Төлепов сахнаға қайта оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер тетры жаңа қойылымды сахналады. "Адам - зат" деп аталатын туынды көпшіліктің ықыласына бөленген. Қойылымда басты рөлді Асылхан Төлепов сомдады.Тұсауы кесілген тың туындыда актер көршінің қызын жүкті қылған жігіттің бейнесінде.

"Үсті-басы жыртық, үйі болса анау, әкесі болса анау алқаш. Анасы жоқ. Жетім өскен жігіт. Әкесі қарамаған. Жоқшылықтың кесірінен осындай қадамға барды. Басқа амал жоқ. Сәбидің дүниеге келуі үшін, бір адамның өлуі міндетті емес. Біз соны жеткізгіміз келеді", - дейді Асылхан Төлепов. 

Әлеуметтік тақырыптағы басты мәселелерді қозғайтын қойылымды халық қабылдамауы мүмкін деген қорқыныш болған екен. Алайда, "Адам - зат" көрермен көңілінен шыққан. Бұл жайлы театр басшылығы айтып берді.

"Бізде көрермен қабылдай ма? Қабылдамай ма? деген қорқыныш болды. Көрерменнің қабылдауы біздің көңілімізді, қорқынышымызды сейілтті. Қайта қуаныш сыйлады. Көрермен осындай бағыттағы туындыларды қабылдай алатынын түсіндік", - дейді Азамат Сатыбалды.

Талқылау