Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қорқынышты фото”: Бозбала кездегі суретін жариялаған Димаш жұртты күлдірді

Димаш Құдайберген 15 жастағы суретін жариялап, тыңдармандарын күлкіге қарық қылды. Алайда желідегілер Димаштың суретіне емес, оның аталған суретке “қорқынышты фото” деп баға бергеніне күлді, деп жазады Stan.kz.

“Жатар алдында бір қорқынышты фото. Халықаралық “Звонкие голоса Байконура” байқауындағы 15 жасар Димаш”, – деп жазды Димаш.

Желі оқырмандары Димаштың қай кезде де сымбатты болғанын жазуда. Бұл ретте назарларыңызға Димаштың шетелдік жанкүйерлерінің пікірлерін беруді жөн көріп отырмыз.

“Cute” (сүйкімді), “Dimash so handsome” (Димаш сондай сымбаттысың), “You were so slim” (Бойшаң екенсің), “Аmazing voice, beautiful face, charming boy… CC, how could I fall in love with you? I don’t know…you know?” (Ғажап дауыс, әдемі бет-әлпет, тартымды жігіт. Сізді қалай жігітім етсем болады? Мен білмеймін, мүмкін сен білерсің), “You’ve always been handsome since childhood!” (Сен бала кезіңнен сүйкімдісің), – деп жазды шетелдік фанаттар.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова келінін жылдар бойы жасыруының себебін ашып айтты

Тележүргізуші Әйкерім Есенәлі алғаш рет ана атанды (фото)

Төреғали мен Қайнар Алагөзов танымал журналистпен дауласып қалды

Төреғалидің үйлену тойы отандық арнадан тікелей эфир арқылы көрсетілмек

Талқылау